jasqazaq.kz

Ұлттық банк алаяқтарға алданбауды ескертті

14 қыркүйек 2022, 13:56

Бәріне ортақ журналистика

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Назарларыңызға курс қатысушысы Айдана Мейірбекованың ресми мәліметтерден дайындаған ақпаратын ұсынамыз.

ҚР Ұлттық Банкі қазақстандықтарға алаяқтарға алданып қалмауды ескертті.
Бас банктің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық Банк қызметкері» деп таныстыратын қаскүнемдер азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды. Олар іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық Банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсететуден тайынбайды екен.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауды, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды ескертті. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есеп шотына ақша аудармауды хабарлады. Себебі мұндай аударымдарды қайтару өте қиын.

«Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық Банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.

Осыған байланысты Ұлттық Банк «құқық қорғау жүйесінің» немесе «Ұлттық Банктің жалған қызметкерлерінен» қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн»,-делінген ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында.

Айдана Мейірбекова

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр