jasqazaq.kz

Ұлттық банк 40 мыңнан астам ипотеканы қайта қаржыландырады

15 қантар 2020, 17:53

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы туралы айтты.

Қазақстанда ипотекалық тұрғын үйді қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бағдарламаның бірінші кезеңінде 2004-2009 жылдар аралығындағы берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру көзделген. Ұлттық Банк қарыз алушыларды қолдауға 130 млрд теңге бөлді. Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, бағдарлама табысты іске асырылуда және бүгінде бағдарлама шеңберінде 171,4 млрд теңгеге 28 мың қарыз алушыға көмек көрсетілді, 56 млрд теңгеден астам қаржыға қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша берешегі төмендетілді. «Банктер бөлген қаражат толық көлемде игерілді және револьверлік тетікті ескере отырып қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін 40 мыңнан асты»,-дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов. Бағдарламаның екінші кезеңі 2018 жылы іске қосылды және жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағам айырмасының сомасы (156 млрд теңге) Ұлттық Банк қаражатының есебінен өтеледі. Банктер қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық бойынша берешегін 136 млрд теңге сомасына төмендетеді. «Валюталық қарыз алушылардан қайта қаржыландыруға банктерге 9 мыңнан аса өтінім берілді, оның ішінде қайта қаржыландыруға 78,7 млрд теңге сомаға 8 840 қарыз мақұлданды»,- дейді Нұрлан Әбдірахманов. Тұрғын үй несиесі бойынша ипотекалық қайта қаржыландыру бағдарламасымен ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін белгіленген. «Қарыз алушының меншігіне банк балансында көрсетілген жалғыз тұрғын үйді қайтару үшін қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруға немесе кейіннен сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді жалға беру қарастырылған, — дейді ол. Оның айтуынша, проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асыратын болады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде