Футболдан УЕФА Ұлттар лигасы финалдық кезеңі мәресіне жетті. Еуропа құрлығында алғаш рет өткізілген турнирдің тұңғыш чемпионы анықталды.
Финалда Португалия мен Голландия құрамалары кездесті. Екі құрама тарапынан тартысты ойын өрбіді. Дегенмен есеп екінші кезеңнің 60-минутында ашылды. Португалия сапынан Гонсалу Гуэдеш гол соғып өз құрамасын алға шығарды. Қос құрама да толайым табыстарға қол жеткізген. Голландия құрамасы 1988 жылы Еуропа чемпионы атағын жеңіп алса, аталмыш бәсекеде төрт мәрте қола (1976, 1992, 2000, 2004) жүлдегер болды. Олар әлем чемпионатында үш мәрте күміс (1974, 1978, 2010), бір мәрте қола (2014) медаль алды. Ал Португалия 2016 жылы Еуропа чемпионы болса, аталмыш біріншілікте бір мәрте күміс (2004), үш мәрте қола (1994, 2000, 2012) медальге қол созды.