jasqazaq.kz

Ұлт араздық тудырған тұрғын сотталды

14 қараша 2017, 10:32

Петропавлда ер адам әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желі мониторингі кезінде СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бойынша басқарма қызметкерлері Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны тарапынан ұлтаралық араздықты тудыру әрекетін анықтаған.

«Қала тұрғыны «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі жазбаларында азаматтарды ұлтына қарай бір-біріне айдап салып, қазақтарға тіл тигізген, тарихи деректерді бұрмалап көрсеткен», — деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіп, ұлтаралық араздықты тудыру белгілерін анықтады.

Айыпталушы сотта кінәсін толығымен мойындап, өзге ұлт өкілдерінің намысына тигені үшін өкінген. Петропавл қалалық соты оны екі жылға соттады.

sputniknews.kz

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті