jasqazaq.kz

Үлкен Алматы айналма жолында ережені елемеген кортеж (Видео)

22 қыркүйек, 15:17

Үлкен Алматы айналма жолында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді полиция қызметкерлері анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы Алматы облысы полиция депортаментіне сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

– 2026 жылғы 21 қыркүйекте «egov.press» ақпараттық арнасында жеті автокөліктің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып келе жатқан бейнежазбасы жарияланды. Жедел әрекет ету тәртібінде Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің 17 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Анықталғандай, 17 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында жеті автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының Қалқаман шағынауданындағы үйден шығып, Алматы — Бішкек автожолымен қозғалған. Кейін БАКАД автожолына шығып, бірқатар жол қозғалысы ережесін бұзған.

Атап айтқанда, маневр жасау, көлік құралдарының жүріс бөлігінде орналасуы, қиылыстардан өту, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелері бұзылған, сондай-ақ апаттық жағдай жасалған.

Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңнамада көзделген шаралар қабылданды.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті