Үлескерлер үміті ақталуда

24 қараша 2022, 13:53


Астана қаласында жылдар бойы қордалаланып келген түйіні қиын түйткілдің бірі — көп пәтерлі тұрғын үйлердің ұзаққа созылған құрылысы болатын. Сол құрылысқа қаржы құйған кейбір үлескерлер үй алудан үміттерін үзе бастаған да еді. Алайда соңғы үш жылдың көлемінде аталған күрделі мәселе күрмеуін тауып, шешіле бастады. Мыңдаған астаналықтар көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын да жасап үлгерді. Үлескерлер мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы Астана әкімдігі жанындағы «Елорда құрылыс қомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Мақсат Шаяхметов айтып берді.

2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен «Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Біздің компания Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй нысандарын аяқтауды қаржыландыру жөніндегі әкімдіктің уәкілетті ұйымы болып табылады.

Әкімдік жанынан ұзақ мерзімді құрылыс мәселелерін қарастыратын, сол проблемалық нысандардың құрылысын қаржыландыруды және аяқтау жолдарын ұсынатын Үлестік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.

«Елорда құрылыс компаниясы» құрылған күннен бастап үлескерлер саны ең көп болған «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үй кешендерінің ұзақ мерзімді құрылысындағы құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жанданды.

Жалпы 2019 жылы Астана қаласында проблемалық құрылыс нысандарының қатарында 150-ден астам үй, басқаша айтқанда, 16 мыңға жуық үлескер болды. 2019 жылдың соңына дейін 10 нысандағы 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2,5 мыңнан астам үлескер пәтер кілтіне ие болды.

2020 жылдың аяғында 14 нысандағы 20 үйде 3 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешілді. Келесі 2021 жылы 57 үйдің құрылысы бітіп, 7 мыңнан астам отбасы көптен күткен пәтерге ие болды.
Бүгінгі таңда қалада 30 үйдің құрылысы аяқталып, 2 мың үлескер пәтер кілттерін қолдарына алды. Алдағы меже туралы айта кетсек. 2023-2024 жылдары 30 үйдің құрылысын аяқтап, қалған 2 мың үлескердің мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Бұл ретте «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС әкімдікпен бірлесіп, құрылысқа салынған мемлекет қаржысының қайтарылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.

Уәкілетті ұйым үлескерлердің проблемалық нысандарының құрылысын аяқтап қана қоймай, Астана тұрғындарының әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем беріп отырғанын айта кету керек.

Абзал Ибрагим,
Астана

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»