
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қонаев қаласындағы (бұрынғы Қапшағай қаласы) казиноларды жабу мүмкіндігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде әлі талқыланбады. Менің ойымша, Қонаев қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, осы тақырып бойынша қосымша талқылау болады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы қадамдар егжей-тегжейлі пысықталады», — деді Ә.Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде.