jasqazaq.kz

Үкімет смартфонға қандай құжаттарды енгізіп жатыр?

28 мамыр 2020, 12:02

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев смартфонда болатын құжаттар тізімін жария етті.

«Өткен аптада eGov mobile қосымшасында болатын және тиісті заң қабылданған соң қағаз құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылатын цифрлық құжаттар туралы жазба жариялаған едім. «Қосымшаға енгізілген құжаттардан басқа тағы қандай құжаттардың смартфоныңызда болғанын қалайсыз?» деген сұрағыма сіздерден көптеген ұсыныс келіп түсті. Сол бойынша тізім жасадық», — деп жазды министр Facebook парақшасында. Асқар Жұмағалиев ұсынып отырған тізімге мына құжаттар кіріп отыр:

1. Төлқұжат

2. Жүргізуші куәлігі

3. Студенттік билет

4. Көліктің техпаспорты

5. Әскери билет

6. Диплом

7. Қаруды пайдалануға берілген рұқсат

8. Зейнеткер куәлігі

9. Аңшылық билет

10. Мүгедектігі туралы куәлік

11. Жылжымайтын мүліктің техпаспорты

«Осы құжаттардың бірқатарын мобильді қосымшаға енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдап, қажетті интеграцияны жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық. Ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету үшін аталған мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

ҚазАқпарат

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде