jasqazaq.kz

Үкімет сайлауға 9,4 миллиард теңге бөлетін болды

16 сәуiр 2019, 11:48


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі Әлиxан Смайылов президенттік сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында біз Үкіметтің резервінен сайлауды өткізуге 9,4 миллиард теңгені бөлуге шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам істейді. Әрине, ол қаржының басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысына бағытталады», — деді Ә.Смайылов Оның айтуынша, бастапқы сома аймақтардан түскен тапсырыстардың негізінде жасалған болатын. Артынан Үкімет әрбір аймақта ашылатын сайлау учаскелері мен ол жерде жұмыс істейтін адамдардың санын нақтылады. «Сөйтіп, 9,4 миллиард теңге көлеміндегі соманы шығардық», — деп атап көрсетті Ә.Смайылов. Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Алдағы уақытта Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды. Ал «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Аxметжан Есімов шетелде қордың активтеріне арест салу мәселесін көтерді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда