jasqazaq.kz

Үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр

27 ақпан 2018, 11:33

Сейсенбідегі Үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр. Кеше ғана ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде Парламент пен Үкімет отырысы қазақ тілінде өтуі тиіс екенін айтқан болатын, деп хабарлайды Baq.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде латын әліпбиіне көшудің тарихи тұрғыда маңыздылығын атап өтті.

«Біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс, бірақ бұл мәселеде азаматтардың құқығына нұқсан келмеуі керек. Олар үшін синхронды аударма мүмкіндігін қарастыру қажет», — деді Президент.

Бүгін Үкімет отырысында алғашқылардың бірі болып сөз алған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндамаларын тек қазақ тілінде жасады.

 

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды