jasqazaq.kz

Үкімет отандық көлік маркасын жасап шығаруды тапсырды

16 қантар 2019, 14:32

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы отандық көлік маркасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Ұйым басшысы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, шетелдік инвесторлар да қазақстандық көліктің маркасына қаржы салуға даяр. «Қазіргі кезде біз осы мәселені жан-жақты зерделеп жатырмыз. Мәселен, қытайлық «Jac» компаниясы қазақстандық брендті жасап шығуға мүдделі. Соған қаржы құюға да дайын. Ол өзбектің «Uz-Daewoo» немесе ресейлік «Lada» сияқты отандық көлік маркасы болады. Осы саладағы жұмыс нақты қай уақытта аяқталатынын айта алмаймын. Дегенмен, тапсырма бар. Үкімет те нақты міндет қойды. Ең бастысы, инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Бәлкім, алдағы уақытта қазақстандықтарға қуанышты xабарды жеткізіп қалармыз», — деді А.Лаврентьев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның сөзіне қарағанда, әзірше отандық көлік маркасына қатысты нақты атаулар жоқ. «Jac» компаниясы тарапынан ұсыныс болды. Енді оны қолға алып, іске асыру қажет. «Осы саладағы жұмыс енді басталды деуге болады. Әзірше, нақты бір нәрсе айту қиын. Отандық маркаға қатысты атаулар да жоқ. Шынымды айтсам, осы мәселеге қатысты ақпараттың егжей-тегжейін айта алмаймын», — деп атап көрсетті А.Лаврентьев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда