jasqazaq.kz

Үкімет басшысы Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

13 қараша 2018, 11:05

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдаймын. Оған қосымша мәлімет ретінде менің Өкімімен Ұлттық экономика вице-министрі, яғни осы саланың кураторы Серік Жұманғаринге сөгіс жарияланды», — деді Б. Сағынтаев Үкімет отырысында. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті. Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды. Айта кетейік, Елбасы тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде