jasqazaq.kz

Үкімет басшысы: Ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру

18 қантар 2022, 10:51

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруда бірінші кезекте жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ күштік құрылымдар мен азаматтық қорғау огандарының қызметкерлеріне тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қарыздары мен микрокредиттерін өтеу мерзімі төтенше жағдай аяқталғанға дейін шегерілді.

Үкімет басшысы «Атамекен» палатасы мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасағанын мәлімдеді. Үкіметтік және өңірік коммиссиялар жұмысын аяқтағаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінбек.

«Атамекен» палатасымен бірге халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, қабылдау жоспарланып отыр. Біз үшін ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «жастар практикасы және алғашы жұмыс орны жобалары аясында» жалақы мөлшері мен жобаларға қатысу мерзімі ұлғаяды. Жалпы бұл жоспардың іске асрылуы қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалыпқа келтіруді қамтамасыз етеді», — деді Әлихан Смайылов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр