jasqazaq.kz

Үкімет басшысы: Банк клиенттері үшін алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті

28 маусым 2022, 12:50

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуына және олардың сапасына байланысты. Сондықтан, бұл салада сервисті үнемі жетілдіре отырып, азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызметтерді ұсынудың маңызы өте зор. Соңғы бір жылда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 2 есеге жуық өсті. Электрондық форматтағы қызметтердің деңгейі 93% құрайды. Ал қызметтердің 66%-ын азаматтар кәдімгі смартфон арқылы алып отыр», — деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, азаматтың жеке басына қатысты 18 құжат түрі цифрлық форматта беріледі, яғни оларды қағаз жүзінде растаудың қажеті жоқ.

«Электрондық қызметтер мен базалардың интеграциясы азаматтардың өмірін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік органдардың есігін тоздырып, қағазбастылыққа салынып, әуреге түспейді. Бұл жұмысты әрі қарай кеңейту қажет. Сонымен қатар, елімізде электрондық форматтағы банктік қызмет түрлері жақсы дамып келеді. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін банк қосымшаларында мемлекеттік қызмет сервистері енгізілуде Оларда ең жоғары деңгейдегі заманауи қорғау тәсілдері, биометрия қолданылуда», — деді Премьер-Министр.

Дегенмен, Үкімет басшысы банк клиенттері үшін алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне барынша назар аударып, клиенттердің деректерін қорғауды күшейтуді тапсырды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр