jasqazaq.kz

Үкімет басшысы балық шаруашылығын дамыту бағытында бірнеше министрлікке тапсырма берді

18 тамыз 2020, 14:27

Премьер-Министр Асқар Мәмин бүгін өткен Үкімет отырысында балық шаруашылығын дамыту үшін бірқатар министрлікке тапсырма берді.

«Облыстардың әкімдіктері Экология министрлігімен бірге әзірленген балық өсіруді аймақтандыру схемасын ескере отырып, биылғы 1 қарашаға дейін басым субсидиялау, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылымды жүргізу бойынша нақты индикаторлар мен іс-шараларды және жергілікті жерлердегі басқа мемлекеттік қолдау шараларын көрсете отырып, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір ай мерзімде бизнес қоғамдастықтармен балық шаруашылығы саласын субсидиялауды кеңейту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау және келісілген ұсыныстарды Үкіметке енгізу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ Асқар Мәмин

«Білім және ғылым министрлігімен бірге жоғары оқу орындарының оқу және тәжірибелік бағдарламаларын қайта қарап, балық өсіруге баса назар аудару қажет. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі бизнестің бүгін айтылған ұсыныстарын ескере отырып, Сауда министрлігімен бірге шетелден балықтың бағалы түрлерінің балық өсіру материалын жеткізуді және оларды тасымалдау кезінде шекарада бақылаудың барлық түрлерінен өтуді рәсімдеуді оңайлату жөнінде ұсыныстарды пысықтауды» тапсырды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия