
Үкімет президентке 5-шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы жоспарын ұсынды. Ол тағы ұзартылуы да мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Енді соған байланысты елде қандай тәртіп орнайтынын ертең ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі толық түсіндіріп бермек.