jasqazaq.kz

ҰҚШҰ бітімгерлері қандай нысандарды күзетуде? (Видео)

14 қантар 2022, 11:19

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ҰҚШҰ кіретін Армения, Қырғызстан,Тәжікстан, Беларусь елдерінен келген Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Қазақстандағы нысандардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп тұрғаны туралы видеолар жариялады.

Армения елінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері құрамында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмыс-тіршілігіне қажетті маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауда.

Қырғызстаннан келген әскери қызметшілер Алматы қаласының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын күзету бойынша тапсырмаларды орындауда.

Алматыдағы жылу энергетикалық орталығының қауіпсіздігін Тәжікстан Қарулы Күштерінің бітімгерлері қамтамасыз етеді. Контингент құрамында 100 адам бар. ЖЭО-1 Алматының орталық және шығыс бөлігін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Станция қала ішінде орналасқан және мегаполистің маңызды нысандарының бірі болып табылады.

Беларусь елінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің құрамында «Жетіген» әскери әуеайлағын күзету бойынша тапсырмаларды орындауда.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр