jasqazaq.kz

ҰҚК: Сайлау күні тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болғандар ұсталды (Видео)

17 қараша 2022, 16:28

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

«Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.

Топтың әрбір мүшесінің ролі нақты бөлінген, қылмыстық жоспар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесу барысында талқыланған», — делінген хабарламада.

Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.

Жасырын орындар ұйымдастырылып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақталған.

Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта