jasqazaq.kz

ҰҚК полковнигімін деп таныстырып, полицейлерді алдамақ болды (видео)

19 мамыр 2020, 10:11

Қарағандының 47 жастағы тұрғыны өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі тергеу департаменті бастығының орынбасары, полковникпін деп таныстырып, тәртіп сақшыларын алдаған. Оны әшкерелеуге полицейлер мен ҰҚК қызметкерлерінің бірлескен жұмысы септігін тигізді.

Бұл оқиға 23 сәуірде төтенше жағдай режимі кезінде болған. Онда ер адам көлігімен көше кезіп, оны жол ережесін бұзғаны үшін полицейлер тоқтатқан. Ол полицейлерді ҰҚК полковнигімін, ішкі тергеу департаменті бастығының орынбасарымын деп алдайды. Бірақ оны растайтын ешқандай құжат көрсетпеген.

Оның айтқан бүкіл әңгімесі видеоға түсіп қалған. Аталған азаматтың әрекеті күдік туғызып, мән-жайды анықтау үшін полицейлер ҰҚК қызметкерлерін шақырады. Ұсталған күдікті Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс бөлімшесіне жеткізілді.

Тергеу барысында ол өзінің өтірік айтқанын мойындап, өкінетінін айтты. Ер адам Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 476-бабы бойынша айыпты деп танылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.

«Полковнигіміз» бұған дейін де алаяқтығы үшін сотталған. Ол өзінің лауазымы жоғары адам екенін айтып, облыс тұрғынының қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруына көмектесуге уәде берген» деп мәлім етті Қарағандық облыстық ПД баспасөз қызметі.

https://youtu.be/FgZQI6zwNSs

Polisia.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді