jasqazaq.kz

ҰҚК операциясы: Үш қалада 17 адам ұсталды

17 қантар 2020, 18:53

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің 3 қаласында жүргізілген операция барысында 17 адамның ұсталғаны туралы видео таратты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік қызметі мемлекетке айтарлықтай экономикалық шығын келтіріп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы қалаларында ауқымды операция жүргізілді. 17 адам ұсталды, 55 тінту жүргізілді. Ұйымдасқан қылмыстық топтан ЭЦҚ, ноутбуктер, кассалық аппараттар, жалған мөрлер мен компания есепшоттарын басқаруға арналған цифрлық кілттер, шетелдік және ұлттық валютадағы ақшалай қаражаттың ірі сомасы тәркіленді», — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан видеода.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қылмыстық топ 300 млрд теңгеден астам ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекетті әшкерелеудің нәтижесінде мемлекет бюджетіне ай сайын 3 млрд теңгеден астам салық түсе бастады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия