
ҰҚК Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.