jasqazaq.kz

ҰҚК басшысы тыңшылық әрекеттер туралы айтты

16 шiлде 2020, 15:18

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тыңшылық әрекеттер туралы айтты.

ҰҚК басшысы «На защите национальных интересов» мақаласында Қазақстан географиялық жағдайына, айтарлықтай табиғи ресурстар мен кең аумаққа ие болғанына байланысты әлемдік державалардың назарында екенін атап өтті. «Бұл жағдай шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға деген ұмтылысының бағыты мен мазмұнын анықтайды».

Мәсімовтің айтуынша, шетелдік арнайы қызметтердің қызметі көбіне саяси, экономикалық және қорғаныс сипатындағы құпия ақпаратты алуға, сондай-ақ олар өз мемлекеттерінің пайдасына саяси шешімдер қабылдай алатын агенттер платформасын құруға бағытталған. Бұл контрбарлау режимін үнемі жетілдіруді қажет етеді, дейді ол.

«Жұмыстың бұл бағытында қызметкерлеріміздің кәсібилігі, азаматтардың патриотизмі, құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлердің құқықтық санасын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді, түрлі псевдо-қоғамдық қозғалыстарды қолдана отырып, ішкі саяси жағдайды бұзу әрекеттері тіркелді. Қарсыластарымыз қазіргі үкіметтің қауіпсіздік шегін бағалап, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және діни салалардағы осал тұстарды іздейді. Бірақ терең құпиялық пен заманауи ақпараттық әзірлемелер оларға назардан тыс қалуға көмектеспейді», — деп жазды Мәсімов.

Tengrinews.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі