jasqazaq.kz

ҰҚК Атырауда әйелдер колониясының басшысын ұстады

13 ақпан 2020, 16:51

Атырауда әйелдер колониясының басшысы мен бас есепшісі ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп тексеріс жүргізген. Оның нәтижесі бойынша Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 түзеу мекемесінің (әйелдер колониясы) бастығы мен бас есепшісі қарамағындағы қызметкерлерден сыйақы мен ынталандыру төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алғаны белгілі болды.

«ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — делінген хабарламада.
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.

Қазіргі уақытта дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Басқа ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу») сәйкес жариялауға жатпайды, деді комитеттегілер.

sputniknews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия