jasqazaq.kz

ҰҚК арнайы операциясы: киік мүйізі контрабандасы анықталды

13 шiлде 2021, 12:45

8 шілдеде ҰҚК киік мүйізін заңсыз өндірген және Қазақстаннан Қытайға контрабанда ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызыметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

2021 жылғы 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтап, арнайы операция жүргізген.

Ведомство мәліметі бойынша, арнайы операция барысында мүйздің ірі партиясын шетелге шығаруды көздеген қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталған.

«Жалпы салмағы 700 келі болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың бас», — делінген ведомство хабаламасында.

ҰҚК мәліметі бойынша, ҚР ҚК-ның 339-бабының 2-бөлігі («Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша іс қозғалған.

«Соталды тергеп-тексеру шеңберінде заңсыз әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, киік мүйізінің қосымша партиясы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия