jasqazaq.kz

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адам ұсталды

06 маусым 2022, 13:34

ҰҚК арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі тәркіленген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы сәуір мен мамырда ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізген. ҰҚК мәліметінше, есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылған. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхана әшкереленіп, жұмысы тоқтатылған.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде: 90 келі синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 келі марихуана, 14 келі апиын, 4 келі гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», — делінген хабарламада.

2 ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2.3 миллиард теңгеден астамға бағаланып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде