jasqazaq.kz

ҰҚК алтыны бар кенді ұрлаумен айналысқан топты ұстады

21 маусым 2019, 11:50

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұзақ уақыт бойы Қытайға құрамында алтыны бар кенді контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, құрамында алтыны бар кенді ауқымды түрде заңсыз өндіру және ұрлау Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орнынан жүзеге асырылған. Шикізатты зерттеу және қайта өңдеу үшін арналған жасырын зертханалар жойылды. © knb.gov.kz Алтын құрамы жоғары (тоннасына 1 келіге дейін) қазақстандық кен әртүрлі минерал (кварцит, пирит және басқалары) бүркемесімен жалған құжаттар бойынша шетелге шығарылған. Қылмыскерлер ай сайын шамамен 100 тонна құрамында алтыны бар шикізат шығарған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда