jasqazaq.kz

ҰҚК: Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталды

10 қантар 2022, 11:51

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жаппай тәртіпсіздік пен террористік актіге қатысқандарды ұстау және жасалған қылмыстардың себептерін анықтау бойынша кешенді іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

һҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде нәтижесінде 2022 жылдың 4-8 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 экстремистік топ құрықталды. 9-қаңтарда, экстремистік әрекетке алдап-арбау, экстремистік ұйымға басшылық ету және оған қатысу, сондай-ақ жаппай құқыққа қайшы акцияларды жүргізу күдігімен бір ұяшықтың 4 мүшесі ұсталды. Тұрғылықты мекендерін тексеру барысында атыс қаруы, гранаталар, оқ-дәрілер және діни әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленді. Ұйым жетекшісі халықаралық террористік ұйыммен байланысы бар, жаппай тәртіпсіздікке белсенді түрде атсалысқан шетел азаматы болып табылады.

Тергеу тұжырымы бойынша, ол Қазақстанға жаппай құқыққа қайшы акцияларды дайындап, сондай-ақ билік органдары мен қарулы құрылымдарға шабуыл жасау үшін келгендігі анықталды. «Оған осы мақсатта көмек берушілерді іздестіру ұйымдастырылды. Тергеу қызығушылығына сәйкес кейбір ақпараттарды жариялау әзірге мүмкін емес»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз-қызметі таратқан ақпаратта. Жедел және тергеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қару-жарақтар, оқ-дәрілер, басқа да мүліктер ұрланғаны жайында таралған ақпараттар жалған болып табылады. Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінің талаптарына сәйкес, департамент күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр