jasqazaq.kz

ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді

07 желтоқсан 2020, 16:59

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ірі қару-жарақ арсеналы тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бірлескен операцияға әкімшілік полиция мен қалалық ішкі істер органдары қатысты. Құқық қорғаушылар «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.

«Жедел іздестіру шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет түскен. Оған қоса, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптары бұзылған», — дейді құқық қорғаушылар.

Атап айтқанда, ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзетті тек екі қызметкер қамтамасыз еткен.

«Арсеналдың дұрыс сақталмауы туралы ақпараттың террористік, экстремистік ұйымдардың қолына түскен жағдайда қауіп-қатердің алдын алу шаралары қабылданды», — делінген ресми хабарламада.

Бірлескен операция кезінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрі тәркіленді. Бұл жағдай қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау) тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 5 АЕК көлеміндегі айыппұл салынуы мүмкін. Бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде