jasqazaq.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

29 маусым 2020, 13:26

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Қарағанды облысының екі қаласында заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

Бұл туралы  kaz.nur.kz  порталы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлады. Министрліктің мәліметінше, төрт адам ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған. Олар Сәтпаев және Жезқазған аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырыпты. Екі жылдан астам жұмыс істеген. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 160-тан астам техника мен ойын жабдықтарын тәркіледі. Алдын ала болжам бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың кірісі 16 миллион теңгеден асқан. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақша қаражатын жымқырумен айналысып, мемлекетке 525 миллион теңге көлемінде залал келтірген тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ туралы хабарланған болатын. Бұл «топ» жалған есепшоттар шығарумен айналысқан. Сонымен қатар, ешқандай жұмыс орындалмаған, қызмет көрсетілмеген. Ол екі жыл жүмыс істеп келген. Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген болатын. Топ мүшелері заңсыз әрекеттермен бірнеше жыл бойы айналысып келген.

 

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)