jasqazaq.kz

Үйлеріне оралуда (видео)

09 ақпан 2020, 12:44

ҚР Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Қырғызстанмен шекарада болып, қордайлықтармен кездесті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қордай ауылындағы қазақ-қырғыз шекарасына келген Бердібек Сапарбаев шекарадан өтейін деп тұрған адамдарға үйлеріне қайтуды ұсынды.

«Кешеден бері осында жұмыс істеп жатырмыз. Президенттің берген тапсырмасы бар, ол — осында тәртіп пен тыныштық орнату. Түні бойы осында болдық, бәрі тыныш. Сондықтан үйлеріңізге қайтқандарыңыз жөн. Енді бәрі дұрыс болады. Біз бүгін де, ертең де осында жұмыс істейміз. Полиция да осында. Бәрін қалпына келтіреміз. Кім кінәлі екенін анықтап, оларды жауапқа тартамыз. Сол үшін үйлеріңізге қайтыңыздар, балалар сабағынан қалмасын. Осында тіршілікті әрі қарай жалғастыра бересіздер. Келген шығын есептеліп, өтеледі», — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары шекарада тұрған көпшілікке.

Оның айтуынша, Қордай ауылдарындағы тіршілік қайтадан бұрынғы қалпына түседі, сондай-ақ, қауіпсіздік үшін де алаңдамауға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия