jasqazaq.kz

Үйлену тойын өткізгендер жазаланды

30 маусым 2020, 10:22

Петропавлда өткен демалыста қаладағы шектеу шараларына қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Бірінші үйлену тойы туралы полицейлер әлеуметтік желілерден білген. Қонақтар күйеу жігіт пен қалыңдықтың «Конгресс» мейрамханасына кіріп бара жатқаны түсірілген сурет жариялады. Нәтижесінде полицейлер мен санитар дәрігерлер оларға қатысты шаралар қолданған.

Полиция мәліметінше, мейрамхана иесі мен ұйымдастырушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мейрамхана иесі 3 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (8 334-555 600 теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.

Ал екінші үйлену тойы туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған. Олар «Эмират» мейрамханасында үйлену тойы өтіп жатқанын айтқан. Той ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігіне қатысты бірінші жағдайдағыдай әкімшілік хаттама толтырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия