jasqazaq.kz

Үйленіп, ертесіне ажырасып кетті

14 ақпан 2018, 17:48

Алматылық АХАЖ-да еліміздегі ең қысқа неке туралы айтып берді. Түркісіб аудандық бөлімінің басшысы Жанна Дүйсебаеваның сөзінше, ерлі-зайыптылар некеде небәрі бір-ақ күн болып, ертесіне ажырасып кетіпті деп жазады Tengrinews.kz.

«Мен бір керемет үйлену тойында болғаным әлі естен кетпейді. Бұл оқиға бірнеше жыл бұрын болған еді. Тойға шамамен мыңға жуық қонақ келді. Той иелері қалталы алматылық отбасылардың бірі болатын. Бірақ, тойдың ертесіне ерлі-зайыптылар келіп, ажырасуға арыз тастады. Тойға түскен сыйлықты бөлісе алмай қалыпты», — деп еске алды Дүйсебаева.

Ол сондай-ақ, әйелі бар ер азаматтардың тоқал алатындары жайында да сөз қозғады.

«Еркектер әйелдерінен тығылып келіп, тоқалдарымен некелерін қиюға өтініш береді. Көбісі дін жолында жүрген белгілі адамдар. Бірақ, біз некені қимастан бұрын олардың әйелі бар-жоғын тексереміз ғой, әйелдері бар екені анықталған соң өтініштерін кері қайтарамыз. Кейбіреулері әйелім жоқ деп өтірік айтады. Бірақ, заң бойынша екі адаммен некелесуге болмайды», — дейді Жанна Дүйсебаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде