jasqazaq.kz

Үйінен шығып, қайта оралмаған кейуананы туыстары тамыз айынан бері таба алмай әлек (фото)

11 қазан 2017, 18:53

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Қадиша Түсіпованың балалары көпшіліктен көмек сұрауда. Әжейді туыстары тамыз айынан бері таба алмай әлек. Бұл туралы Nur.kz Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қадиша Түсіпова 4-ші тамызда таңғы сағат 8-дерде үйінен шығып, содан бері оралмаған. Қарияны бала-шағасы мен туыстары шарқ ұрып іздестіруде. Одан қалды 50-ден астам ерікті де қол ұшын созған. Олар ауыл маңын түгелдей сүзіп шығып, ауруханалар мен мәйітханаға да сұрау салыпты. Алайда, еш нәтиже болмаған.
«Біз деген құзырлы органдарға, РОВД-ға барып өтініш жаздық. Сол каналдың бойында аяқ киімін қалдырып кеткен. Каналдың бойымен іздестірдік. Каналдың ішінде суын тоқтатып, үш рет іздестірдік. Өзіміз, туысқандарымыз 50 адамдай болып іздестірдік», — дейді Қадиша Түсіпованың қызы, Меруерт Әбілқасымова.

Әжейдің туыстары оны іздеп, сабылып жүргендеріне екі айдан асып барады. Олар мүмкін болған жерлердің барлығын аралап, сұрастырып шығыпты. Тіпті Қадиша Түсіпованың туыстары бақсы-балгерлерге барған көрінеді. Олардың барлығы аналарының тірі екенін және әйел адамның қолында екенін айтыпты. Алайда, мекен-жайын нақты көрсеткен ешкім жоқ. Ал, құзырлылар Қадиша Түсіпованы іздестіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтады.

«Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған азамтшаның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жалғасуда. Іздестіру шаралары барысында жергілікті жерлерді, байланысты, таныстары, достары. Көршілерін сұрастыру бойынша тексерілуде», — деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі, Айман Мырзекова.

Айта кетсек, жоғалған кейуана паркинсон ауруына шалдыққан және дәрінің көмегімен жүрген. Ал, кетерінде өзімен мүлдем дәрі-дәрмек алмаған. Сондықтан, бала-шағасы аналарының денсаулығына алаңдап, оны тездетіп табу үшін қайырымды жандардан көмек сұрауда.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді