jasqazaq.kz

Үйінен қашып кеткен 13 жасар қыз Арбаттан табылды

22 тамыз 2019, 17:29

Алматы облысында жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат. Алматы полициясының айтуынша, Алматы облысының жас тұрғыны Арбатта жүрген. «13 жасар қыздың айтуынша, ол үйінен өз еркімен кеткен. Анасымен бірге тұрғысы келмейді. Бұрын да үйден кетіп қалатын, бірақ біраз уақыттан соң қайтып оралатын. Ювеналды полиция инспекторлары жоғалған қыздың анасымен байланысқа шықты. Анасы инспекторларға екінші күйеуі және кішкентай қызымен тұратынын жеткізді. Жоғалып кеткен қызына өгей әкесімен бір үйде тұрған ұнамайды. Үйден қашып кетуінің себебі осы болуы мүмкін»,- дейді Алматы қалалық ювеналды полиция басқармасының бастығы Лейла Алипбаева. Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қыз анасының қолына тапсырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде