jasqazaq.kz

Үйінде ұрыс шығарған ана ұлынан кешірім сұрады

06 қараша 2021, 10:48

Ұлы мен анасының арасындағы кикілжіңнің соңы төбелеске ұласты. Павлодар облысында көмек сұраған жас жігіт полиция шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келінің жақтырмайтын қайын ене ішімдікке сылқия тойып алып, баласымен жаға жыртысты.

5 қарашада бір жігіт полицияға хабарласып, анасы ішіп алып, төбелес шығарғанын айтты: балағат сөздер айтып, пәтер ішінде қолына тиген заттарды жан-жаққа лақтырды, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне жас жігіт мұндай жағдайда өзінің қауқарсыз екенін, көршілері алдында ұятқа қалғанын айтты. Тәртіп сақшыларын көргенде әйел дереу сабасына түскен. Ол өз әрекетін кешкі ас үстінде аздап ішімдік алған соң келіннің кесірінен ұлына ашуланғанымен түсіндірді.

Әйелге қатысты ҚР ҚӘБП 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімеден кейін үй иесі ұлынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде