jasqazaq.kz

Үйінде орамал тігіп, айына 300 мың тауып отыр

14 қыркүйек 2020, 15:24

Арыс қаласының тұрғыны Балнұр Төрехан қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, тігінші мамандығын игерген. Кейін қайтарымсыз 505 мың теңге мемлекеттік грант жеңіп алып, үй ішінен кішігірім тігін цехын ашты. Арнайы тігін машинасын сатып алған ол сұранысқа орай, күніне 10 дана әйелдерге арналған түрлі орамалдар тігіп, оларды кемінде 2500 теңгеден сатады. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Өзінің айтуынша, шығынын есептемегенде айына 300 мың теңге таза табыс табады. Оның кәсібін жүргізгеніне 1 жылға жуықтаған. Қазір ол үйде отырып ғаламтор арқылы өз бұйымдарын саудаға шығаруда.

Мемлекеттік қайтарымсыз грант игілігін көрген Арыс қаласының тағы бір тұрғыны Алым Оспанхан 2019 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 505 000 теңге қаржылай көмек алған. Ол өзінің фаст-фуд өнімдері туралы бизнес жоспарын 1 айлық курста шыңдап, мемлекеттік грантты жеңген. Қазіргі таңда жұмысы алға басып, келушілер қатары көбейген. Інісі екеуі ғана кәсіпті дөңгелетіп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, қазір күніне шығынынан бөлек 20 мың теңге табыс табады. Алдағы уақытта Арыс қаласында фаст-фуд өнімдерінің желісін ашпақ.

Мұнда аталған бағдарламаны тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытып жатқан азаматтар қатары артуда. Биылғы жылға бөлінген 139 гранттың 80-і игеріліп, қазіргі таңда өз жұмыстарын жүргізіп келеді.
Айта кетейік, қайтарымсыз қаражат алып кәсіп ашқысы келетін әрбір азамат жұмыспен қамту орталығына барып толық ақпарат алуына болады. Бір ай бойы білім алып, бизнес жоспары мақұлданса, мемлекеттен бөлінген көмекке ие болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде