jasqazaq.kz

Үйінде қарасора өсірген

03 шiлде 2020, 12:47

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды.

Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді (қарасора) заңсыз өсіретінін анықтады. Полиция қызметкерлері үй маңындағы учаскеден 19 түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Polisia.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық