jasqazaq.kz

Ұйғыр тілі міндеттелген Ақтам ауылында 5 мұғалім жұмыстан қуылды

11 маусым 2020, 11:22

Журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр әлеуметтік желіде Ұйғыр ауданындағы ұлтаралық мәселеге қатысты екі пост жариялап, Қордайдағы жағдайдың тағы да қайталанбауын көпшіліктің назарына ұсынған еді. Аталған екі жазбада мемлекеттік идеологияға нұқсан келетін жайттардың орын алғаны, бұл жағдай жабулы күйінде қала берсе, тұтастығымызға қауіп төнетіні кеңінен тарқата айтылған. Желіде көп талқыланған Ұйғыр ауданындағы мәселеге Алматы облысы әкімдігі де назар аударып, арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеген болатын. Нәтижесінде, Алматы облысы әкімдігі аталған жайтқа байланысты бес адам қызметінен босатылғанын хабарлады, деп жазды 7-su.kz.

Автордың бірінші постында Ақтам ауылындағы мектеп мұғалімі ұйғыр тілін білуді міндеттеп отырғаны жайында сөз қозғалса, екінші жазбада мемлекеттік қызметкердің беймәлім туды (бейресми ұйғырлардың туы деп айтылады) бетіне жапсырып, желіге фото жүктегені туралы айтылады. Осы мәселелерге байланысты qazaqtimes.com сайты да журналистік зерттеу жүргізіп, көлемді материал дайындады. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел «The Qazaq times» сайтына ресми жауабын ұсынды.

— Ұйғыр ауданындағы мәселеге қатысты облыстық комиссия құрылып, өңірде жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, Ақтам орта мектебінің директоры Измахунов Октябрь Турганович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаламов Мұқаметқали, сонымен бірге, аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Кахарова Түрдибуви қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Камаев Сабиржан Суняцунович және Тиірмен ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Якярова Умида қызметінен кетті. Алдағы уақытта аталған жайттардың қайталанбас үшін облыстық комиссия мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай аудан белсенділерімен жүздесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан халқы «бір құмалақтың» кесірінен тұтас өңірге сөз тигенін алға тартып, мұндай келеңсіз жайттың орын алғанына өкініштерін білдірді, — деді Ғалымұрат Жүкел.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде