jasqazaq.kz

Ұйғыр ауданының атауы өзгермейтін болды

05 қараша 2020, 10:14

Алматы облысында Ұйғыр ауданының атауы қазақшалансын деген халықтың талабы әзір орындалмайды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте осылай мәлімдеді. Бұл туралы «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлайды.

Осыдан 4 ай бұрын Ұйғыр ауданында 20-25 жастағы жастардың арасында төбелес болып, халық бір көтерілген болатын. Сол кезде облыс әкімі Амандық Баталов дереу ұйғыр ауданына барып, елді-мекеннің халқымен тілдесіп, олардың талабын тыңдаған еді.

Жұрт сол кезде ауданның атын өзгертуді сұраған. Әкім бұл мәселені жоғары жаққа жеткізетінін айтып, тұрғындарға уәде берген.

Енді Баталов бұл мәселенің күн тәртібінде жоқ екенін айтып, себебін түсіндірді.

«Қазір науқан кезі басталайын деп жатыр. Оның алдында біз сайлаушылардың тізімін нақтыладық. Сайлау уческелерін дайындадық. Сол үшін, анау көшелерді атын өзгерту деген мәселе де көтерілді, қазірігі кезде сондай жұмыстар істеуге болмайды. Сайлаушылардың тұратын жерінің атын өзгертуге болмайды. Соның бәрі өткен соң, бұл мәселеге қайта келеміз. Сосын нақты шешімін сіздерге жеткіземіз», — деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия