jasqazaq.kz

Үйде жалғыз қалған 6 жасар бала өрттен көз жұмды

02 наурыз 2021, 16:50

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте үш өрт тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, екеуі күйік алды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Дмитрий Растихин брифингте өткен тәулікте өңір аумағында болған өрт жағдайлары туралы айтып берді. 1 наурыз күні сағат 19.00 шамасында Аққайың ауданы Новороссийское елдімекеніндегі екі пәтерлі баспананың біреуінен өрт шықты. Өрт шыққан пәтер толық жанып кетіп, екіншісінің қабырғалары зақымданды. Өрт сөндірушілер келгенше оқиға орнынан 6 жасар баланың денесі шығарылды. Әке-шешесі жұмысқа кетіп, бүлдіршін үйде жалғыз болған екен. Петропавлдағы Щорс, 84 мекенжайында да өрт шығып, жеке үйге айтарлықтай зақым келді. Оқиға орнынан 1939 жылы туған адамның денесі табылды. Ал 1998 жылы туған ер адамның қолдары күйіп, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Осы күні Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы Цветочная, 26 көшесіндегі жер үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, үйдің төбесі ортасына түсті.

Өрт шығып, 1974 жылы туған әйел күйік алды. Оның денесінің 28%-ын күйік шалған. Қазір жағдайы орташа. «Жыл басынан бері СҚО-да 138 өрт болып, 22 адам қаза тапты. 29 адам түрлі дене жарақатын алды. 71 млн астам теңге материалдық шығын келген. Өрттердің 76%-ы жеке тұрғын үй секторында болған. Қаза тапқандардың барлығы — сол жеке үй тұрғындары. Өрт негізінен маскүнемдікке салынғандардың, жалғыз тұратындардың баспанасынан шығады. Сондай-ақ балаларды үйде жалғыз қалдырып кетудің арты қайғылы аяқталып жатады», — дейді Дмитрий Растихин.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия