jasqazaq.kz

Үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлаған

12 қантар 2021, 12:40

Үй тазалаушы — жалдамалы әйел қожайынның үйінен ақша ұрлаған. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үй шаруашылығына жалданып, сол үй иелеріне тиесілі ақшаны ұрлады деген күдікті әйелді ұстады. Тергеу барысында әйелдің бұл үйге бір жыл жалданып жұмыс істеп, одан соң өз еркімен жұмыстан шыққандығы анықталды. Жұмыс берушілерден шағым болмаған. Керісінше, жұмыстан шығып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң, үй иелері оны бір күнге үйінде жұмыс істеуге шақырады. Үй күтушісі өз жұмысын атқарып, пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, 6000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты ұрлады деген күдік келтіріллді, — делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.

Ақшаның жоғалғанын үй иесі бір айдан кейін ғана байқаған, сод соң бірден полицияға хабарласқан.

Полиция 31 жастағы, бұрын сотты болған әйелді ұстады. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Әйел ақшаның көп бөлігін жұмсап үлгерген. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп толықтырды баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия