jasqazaq.kz

Үй салуға 40 мың жер учаскесі беріледі

07 қазан 2019, 22:23

Қазақстандықтарға үй салуға 40 мың жер учаскесі беріледі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жеке құрылысқа арналған жер учаскелері қалай берілетінін түсіндірді.

«Бүгінде жеке құрылыс алаңдарына мемлекеттің есебінен алдымен инженерлік желілер тартылып отырады. Жыл сайын 40 мың жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы жасалады. Мәселен, 2017-2018 жылдары ішінде республика бойынша 110 мың жер учаскесіне қажетті желілер тартылған болатын», — деді Атамқұлов мәжілісте өткен үкімет сағатында. Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетте жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған. Осының арқасында тағы 40 мың жер учаскесі таратуға дайын болады деген жоспар бар. «Әкімдіктерге 36,8 миллиард теңге аударылды. Осы уақытқа дейін 35,8 миллиард теңге игерілді», — деп атап көрсетті Атамқұлов.

Дереккөз: Sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда