jasqazaq.kz

Үй өртеніп, әкесі мен баласы көз жұмды

23 ақпан 2021, 21:41

Ақмола облысында өрт екі адамның өмірін қиып кетті.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы ақпанның 23-де сағат 03:55 минут шамасында Зеренді аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Алексеевка ауылындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына Зеренді ауданының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Өртті сөндіру және үйдің құрылымын бұзу барысында екі адамның денесі табылды.

«Куәгерлердің сөзінше, қаза болған отағасы өрт кезінде екі баламен үйде болған. Ол балалардың бірін үйден алып шығып, екіншісін құтқармақшы болғанда үйден шыға алмай қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 5 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 05:00 минутта ауыздықталып, 06:40-та толық сөндірілді», — деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі және адамдардың қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот медициналық сараптама тағайындалып, өрт — техникалық зертхана зерттеу жүргізуде.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия