jasqazaq.kz

ҰБТ: Тыйым салынған заттармен ұсталғандар оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады

11 маусым 2020, 18:18

Ұлттық бірыңғай тестілеуге тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандар биыл оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты.

«Биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тест ережелерінің сақталуын бақылауды қатаңдаттық. Біріншіден, тест тапсырушыдан өткізу пунктіне кіру барысында тыйым салынған заттар, яғни смартфон, шпаргалка табылса, оны ҰБТ тапсыруға жібермейміз. Талапкер биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Бұл, жаңа ереженің ерекшелігі», — деді ол министрліктің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар орталық басшысы осы жылдың 25 тамызына дейін ҰБТ өткізілген аудиториялардан түсірілген бейнежазбалардың барлығы қаралатындығын және талдау жасалатындығын айтты.

«Егер, ережені бұзу фактісі анықталса, онда ҰБТ нәтижесін және грант беру конкурсының нәтижесін жоюға мүмкіндік алып отырмыз. Сондықтан барлық ҰБТ тапсырушыларды өз біліміне сенуге, тыйым салынған заттарды әкелмеуді өтінеміз», — деді Дидар Смағұлов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі