jasqazaq.kz

ҰБТ кезінде үзілістер қалай беріледі?

05 сәуiр 2021, 14:33

БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ кезіндегі үзілістерге түсінік берді.

«Жалпы, тест тапсырмаларының саны өзгермеді, 5 пән қалды. Екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы– 20 және екі бейіндік пәннен 35 тапсырмадан беріледі», — деп тоқталды Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.

ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады. Оның айтуынша, тестілеуді өткізу уақыты — 240 минут (4 сағат).

«Атап айтқанда, тестілеу кезінде бір сағаттан кейін талапкерлерге екі минут үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минут үзіліс беріледі. Бұл үзілістер компьютерге қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, санитарлық нормаларға сәйкес балаларға арнайы беріліп отыр. Бұл қадамдар талапкерлердің денсаулығы үшін жасалып отыр», — деді ұлттық тестілеу орталығының директоры.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия