jasqazaq.kz

ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектердің бейнежазбасы тексеріледі

22 маусым 2020, 12:39

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде бір ғана бала жоғары балл алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтып берді. Оның сөзінше, жоғарғы балл жинаған бір ғана түлек болған. Ол 138 балл алған Түркістан облысының талапкері екен.

Сонымен қатар, енді жоғарғы балл алған түлектердің ҰБТ барысында түсірілген бейнежазбасы толығымен тексеріліп, қайтадан қадағаланады. Егер тәртіп бұзушылық байқалса, алған баллы жоққа шығарылмақ.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде ең жоғарғы балл жинаған бір түлек болды. 138 балл жинады. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Теспе орта мектебінің түлегі Әбдіманап Абзал. Бізде жаңа норма енгізілген. Ұлттық біріңғай тестілеудің бейнежазбасы жасалады. Біз Абзалдың да бейнежазбасын толық қарап шығамыз», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия