jasqazaq.kz

ҰБТ-да заңсыз әрекетке барған талапкерлер қатаң жазаланады

07 ақпан 2020, 17:04

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов талапкерлер қандай жағдайларда ҰБТ-дан шеттетілетінін түсіндірді.

«ҰБТ-ға смартфонмен келсе, бұл өз кезегінде адамдар оны пайдалануға ниетті екенін білдіреді. Өйткені баршасы ҰБТ ережесін жақсы біледі, тестілеуге смартфонмен, смарт сағаттармен кіруге болмайтыны ескертіледі. Сәйкесінше, ол тест қабылдайтын орынға құрылғымен кірсе, онда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», — деді вице-министр. Бұдан бөлек ол кейбір талапкерлер өзінің орнына басқаларды тестілеуге жіберіп жататынын, бұл заңсыз әрекет жасағандарға тиісті жаза қарастырылғанын айтты. «Егер тестілеуге өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайды. Бұл ретте осындай адамдар тұтас бір жылын жоғалтады. Мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі деп ойлаймын», — деді Мирас Дәуленов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия