jasqazaq.kz

ҰБТ-да шпаргалкамен ұсталған түлектер тестілеуге жіберілмейді

28 мамыр 2020, 12:32

ҰБТ кезінде қойылатын талаптар туралы қалалық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева айтты.

«ҰБТ өткізуді арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылайтын болады. Артық ақпарат алуға болатын заттар, смартфондар, шпаргалкалар табылған жағдайда оқушы тестілеуден автоматы түрде алынады. Тіпті одан кейін ақылы түрде тапсыруға да рұқсат берілмейді», — деді департамент басшысы онлайн брифинг барысында.

Гүлнара Ермекбаева биыл Алматыда ҰБТ-ға 14 972 түлек қатысатынын айтты. Оның 9044-і мектеп түлектері болса, қалғаны – орта кәсіптік білім беру орындарының бітірушілері.

Ал мектеп бітіргені туралы аттестат 3-4 маусымда мектеп қабырғасында тапсырылады.

Департамент басшысы ата-аналарға балаларының қасына еріп келмеуге кеңес берді.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия