jasqazaq.kz

ҰБТ-да дастархан жайып ұсталды (видео)

04 шiлде 2019, 14:53

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі жемқорлық фактілері жөнінде айтты.

Айта кету керек, агенттік тұлғалардың іссапар кезіндегі қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алған. Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болды. Мысалы, 20 маусымнан 30 маусымға дейін барлық өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуі өткізілді. «Осыған байланысты, біз өңірлерге бағытталған Білім және ғылым министрлігінің 169 комиссиясының қызметіне оперативтік қолдау көрсеттік. Әрбір комиссияның құрамына 15 адамнан кірді, соның ішінде мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, бағдарламашылар және басқалар болды. Осы жұмыстың нәтижесінде біз қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтадық», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин брифингте. Мәселен, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары және Қандыағаш қаласы №4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігі комиссия кездесулерін ұйымдастыру үшін жалпы орта және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған ақшаның жалпы сомасы — 540 мың теңге.

«Шымкент қаласында ҰБТ-да жоғары балға уәде беріп, одан әрі грантқа түсуге көмек көрсету үшін М.Кеңесбайдан алдын ала алған 500 мың теңгенің 125 мың теңгесін қайтару кезінде Шымкент білім басқармасының маманы ұсталды», — дейді Арман Бердалин.

Бұған қоса, жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары Білім және ғылым министрлігінің комиссия өкілдеріне, атап айтқанда, ҰБТ өткізуге жауапты тұлғалардың бос уақытын ұйымдастырғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Атап айтқанда, Жамбыл облысында жергілікті филиалдың жетекшісі комиссия мүшелеріне арнап 25 адамға мейрамханада ішімдік қосылған керемет кешкі ас ұйымдастырған. Сондай-ақ Алматыда Білім және ғылым министрлігінен жіберілген комиссия мүшелерінің бейәдеп іс-қимыл фактілері тіркелген, яғни олар ойын-сауық мекемесінде алкогольді ішімдік ішкен.

Факті бойынша қызметтік тексеру басталды. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерге қатысты барлық лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда