jasqazaq.kz

ҰБТ: Ақылы бөлімге түсетіндерге сынақ тапсыру қымбаттайды

27 желтоқсан 2021, 21:07

Ақылы бөлімге түсетіндер үшін сынақ тапсыру құны қымбаттайды. Келер жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін болашақ студенттер екі есе артық шығындалмақ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Құны қымбаттаған тестілеуді мектеп бітірушілер 2022 жылдың 10-қаңтары мен 10-ақпан аралығында тапсыра алады. Ол үшін 5640 теңге төлеуі қажет. Он жылдан бері 2242 теңге болған еді. Бірақ бұл жоғары оқу орнының ақылы бөліміне тапсыратын түлектер үшін ғана. Ал мемлекеттік грант конкурсының тағдырын шешетін сынақ жылдағы дәстүр бойынша тегін болып қала бермек. Ұлтық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев тестілеу бағасының қымбаттауын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп түсіндірді.Тест сұрақтарының сапасын арттыру мақсатында оны құрастырушылардың жалақысы көтерілетінін мәлімдеді. Түскен қаражаттың тағы бір бөлігі тестілеу пункттерін жалға алуға, компьютер, бейнебақылау камера сияқты керек жабдықтарға жұмсалады дейді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр